2025 жылғы 27 наурызда Астана қаласында Халықаралық автомобиль тасымалдары жөнінде Қазақстан-Польша аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен алмасты және екі ел арасында жүк тасымалдары көлемі ұлғаюының оң динамикасын атап өтті.
Осы ретте, 2024 жылдың қорытындысы бойынша екі мемлекет арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 5%-ға өсті және 360 мың тоннаны құрады.
Сонымен қатар, келіссөздер барысында Тараптар автомобиль көлігімен жүктердің халықаралық тасымалдары саласында өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ қағаз жүзіндегі рұқсат бланкілерін электрондық форматқа ауыстыру және 2025 жылға нақты рұқсат благкілерімен алмасу квотасын келісті.
Тараптар келіссөздер нәтижесі бойынша сындарлы диалог үшін бір-біріне ризашылығын білдірді және Қазқстан мен Польша арасында автомобиль көлігі саласында ынтымақтастықты дамыту маңыздылығын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.