2025 жылғы 27 ақпанда Алтай Әлінің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің алқасы өтті. Отырыс барысында 2024 жылғы жұмыстың қорытындысы шығарылып, 2025 жылға арналған негізгі міндеттер белгіленді.
2024 жылы Комитет автомобиль көлігі саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Көліктік бақылау инспекциялары қызметінің қорытындысы бойынша мемлекет бюджетіне 19,8 млрд теңге түсті, бұл жоспарланған көрсеткіштерден 65%-ға артық (12,4 млрд теңге). Бұл қаражат жол инфрақұрылымын және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды дамытуға бағытталған әкімшілік айыппұлдар мен алымдар есебінен қалыптастырылды.
Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Полиция департаменттерімен 256 бірлескен рейд нәтижесінде 2000-нан астам бұзушылық анықталды. Көліктің техникалық жай-күйін бақылау жөніндегі жұмыс жандандырылды, техникалық байқау операторларының тізіліміне 1181 кәсіпорын енгізілді, оның 907-сі қызмет жүргізуде. Жүргізілген тексерулер қызметтердің сапасын және жолаушылар мен жүк тасымалының сенімділігін арттыруға ықпал етті.
Жүк тасымалын бақылау да басым бағыт болып қала береді. 2024 жылы 122 мың көлік құралы тексерілді, салмақ параметрлері нормаларының бұзылуы анықталды. Бұл шаралар жол инфрақұрылымын сақтауға және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
2025 жылы Комитет цифрлық технологияларды енгізуді жалғастырады, көлік заңнамасының орындалуын бақылауды күшейтеді және инспекциялар қызметінің ашықтығын арттырады. Негізгі міндет халық үшін Көлік қызметтерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету болып қала береді.