Арт-терапия бойынша шеберлік сабағы өтті

Арт-терапия бойынша шеберлік сабағы өтті

Көлік министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің ұйымдастыруымен «Нейрографикамен танысу, психологиялық блоктар мен шектеулерді шешу жолдары» тақырыбында қызметкерлерге арналған арт-терапия бойынша шеберлік сабағы өтті.

Шараны арт-терапевт, психолог Альбина Дусталева жүргізді. Аталған шара қызметкерлерді тұлғалық дамыту мақсатында өткізілді.

«Адам нейрографикалық суреттер салу арқылы өз ойын жинақтап, туындаған мәселелерінің шешімдерін табуға талпыныстар жасайды және бұл арнайы шығармашылық әдісті пайдалану арқылы жүзеге асырылады», — деді семинар барысында лектор.