П
«Жолаушылар тасымалы" АҚ паркі Қазақстандық "ЗИКСТО" компаниясы жасаған жаңа 50 жолаушылар вагонымен толықтырылды.
Бұл вагондар мүгедектерге арналған орындармен жабдықталған, купеде екі USB порты мен екі желілік розетканың болуы көзделген, микротолқынды пеші бар тоңазытқыш, сондай-ақ ыңғайлы және қауіпсіз ортада саяхаттауды қамтамасыз ететін сумен жабдықтау және вакуумдық дәретхананың озық жүйелері орнатылған. Барлық вагондар ұлттық стандарттарға сәйкес келеді.
Қазіргі уақытта жолаушылар вагондарының паркі шамамен 2500 бірлікті құрайды.
Айта кету керек, соңғы 10 жылда Қазақстанның теміржол көлігі паркі 50% - ға жаңартылды. Осы уақыт ішінде қазіргі заманғы халықаралық талаптарға сай келетін 1200-ден астам вагон сатып алынды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қыркүйек айында "ЗИКСТО" АҚ отандық өндірушісімен тағы 100 жолаушы вагонын жеткізуге келісімшарт жасалғанын хабарлаймыз.
Қазіргі уақытта 2024 жылы қосымша 157 жаңа вагон сатып алу мәселесі пысықталуда.
2025-30 жылдар аралығында жасалған шартқа сәйкес "Штадлер – Қазақстан" ЖШС отандық өндірушісі 537 жолаушылар вагонын жеткізетінін қосымша хабарлаймыз.
Бұл шаралар тасымалдау процесін жүзеге асыру кезінде жолаушылардың жайлылығын жақсартуға, әсіресе жоғары сұраныс кезеңінде жол жүру билеттерінің тапшылығын азайтуға бағытталған.