
2026 жылғы 1 сәуірде Санкт-Петербург қаласында Халықаралық көлік-логистика форумы аясында халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелеріне арналған көлік бақылау органдары басшыларының кеңесі өтті.
Қазақстан тарапынан баяндама жасаған Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Салмаев Гани Сапаргалиевич.
Ол Қазақстан Республикасы үшін транзиттік әлеуетті дамыту және инфрақұрылымды жаңғырту басым бағыттар болып табылатынын атап өтті.
Қазіргі уақытта Қазақстан 42 мемлекетпен үкіметаралық келісімдер шеңберінде тасымалдарды жүзеге асыруда. 32 елмен рұқсат беру жүйесі қолданылады, ал бірқатар мемлекеттермен екіжақты және транзиттік тасымалдар үшін рұқсатсыз режимдер белгіленген.
Салада оң динамика байқалады: соңғы бес жылда экспорттық-импорттық тасымалдар көлемі 2 есеге артты — 5,9 млн тоннадан 11,5 млн тоннаға дейін, ал қазақстандық тасымалдаушылардың үлесі 31%-дан 51%-ға дейін өсті.
Сонымен қатар, Қазақстанда 2024 жылдан бастап Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен электрондық рұқсат бланкілер жүйесі енгізілгені баяндалды. Ағымдағы жылы электрондық рұқсаттарды Әзербайжан Республикасы, Грузия және Қырғыз Республикасымен енгізу жоспарлануда.
Іс-шара барысында қатысушылар көлік-логистика саласы трансформация кезеңінде тұрғанын, онда цифрландыру, жеткізу тізбектерінің тұрақтылығы және трансшекаралық тасымалдардың тиімділігін арттыру басым бағыттар екенін атап өтті.
Бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау және кедергілерді жоюға бағытталған бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастырудағы Еуразиялық экономикалық одақтың рөлі атап өтілді. Халықаралық автомобиль тасымалдары икемділік пен қолжетімділікті қамтамасыз етудің негізгі элементі болып қала береді.