Алматы қаласында "New Silk Way" VII халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумы аясында "Халықаралық автомобиль тасымалдары: автокөлік қызметтерінің жаңа мүмкіндіктері" тақырыбында панельдік сессия өтті.

Отырыстың модераторы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Селим Қуанышұлы болды, ол көлік жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, Қазақстанның транзиттік әлеуетін кеңейту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін халықаралық автомобиль тасымалдарының стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Сессия жұмысына Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларусь және Литвадан келген халықаралық автомобиль көлігі Одағының (IRU), сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен логистикалық компаниялардың өкілдері қатысты. Талқылау барысында қатысушылар халықаралық автокөлік қызметтерін дамытудың, шетелдік рұқсат бланкілерін цифрландырудың өзекті тенденцияларын, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін нығайтудың практикалық шараларын талқылады. Ұлттық тасымалдаушылардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Орталық Азия мен Еуропа елдері арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, зал өкілдері әртүрлі елдерде қолданылатын автотасымалдау саласындағы ақпараттық жүйелерге, мультимодальды тасымалдауды дамыту жолымен маршруттардың географиясын кеңейтуге, көліктің әртүрлі түрлерімен сусымалы жүктерді тасымалдауға, сондай-ақ өткізу пункттерінде электрондық кезек жүйесінің жұмыс істеуі мен жетілдірілуіне қатысты сұрақтар қойды. Бұл сұрақтарға сөз сөйлеген сарапшылар мен бейінді ұйымдардың өкілдері тарапынан түсініктемелер берілді.

Сессия қорытындысы тараптардың халықаралық автомобиль тасымалдарының тұрақты және интеграцияланған жүйесін қалыптастыруға бағытталған әріптестікті кеңейтуге, бірлескен жобаларды іске асыруға және озық тәжірибемен алмасуға дайындығын растау болды.