Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті жаз бойы жүргізілген республикалық «НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ШАҒЫН ФЛОТ!» науқанын қорытындылады.
Акция мақсаты — су айдындарындағы қауіпсіздікті арттыру.
Комитеттің аумақтық бөлімдері 2701 шағын кемені тексеріп, 986 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.
Ең көп тіркелген құқықбұзушылықтар қатарында:
Жазғы маусым басталғанға дейін барлық өңірлерде алдын алу шаралары өткізілді. Мамандар шағын кеме және тұрақ-базаларының иелерімен кездесулер, демалыс аймақтарында түсіндіру жұмыстарын өткізіп, азаматтарға кемелерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі заңнамалық талаптар туралы айтты.
Шағын кемелерді пайдалану ережелерін сақтау – адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігінің кепілі. Ведомство кеме жүргізушілерін заң талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырады.