2025 жылғы 31 Шілдеде Үрімші қаласында халықаралық автомобиль тасымалы мәселелері жөніндегі қазақстан-қытай бірлескен комиссиясының отырысы өтті.
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы басқарды.
Отырыс қорытындысы бойынша Тараптар 13 мың электрондық рұқсат бланкілерін өзара айырбастауға уағдаласты. Сондай-ақ, бланкілерді айырбастау қажеттілікке қарай апта сайын болады.
Бұл шаралар Қазақстан мен Қытай арасындағы үздіксіз автомобиль тасымалдарын қамтамасыз етуге бағытталған.