Күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша ақпарат

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық  бойынша ақпарат

Күзгі-қысқы кезеңде Жезқазған қаласының автомобиль жолдарының қалыпты жұмыс істеуін ұйымдастыру мақсатында Жезқазған қаласының әкімдігі "Tranco Express" ЖШС-мен Жезқазған қаласының автомобиль жолдарын күтіп ұстауға шарт жасасты. Сметалық құжаттамада автомобиль жолдары және тұрақ аймақтарын қар мен мұздан тазарту, пайда болған қардың жиналуын шығару және инертті материалдарды себу жұмыстары көзделген.

Қазіргі уақытта мердігер ұйымның меншігінде күзгі-қысқы кезеңде пайдалануға арналған 14 бірлік арнайы техника бар. Арнайы техниканың тізбесі:

1) КамАЗ 65115 КО-829Б;

2) КамАЗ 65115 КО-829Б;

3) КамАЗ 65115 КО-829Б;

4) КамАЗ 65115 КО-829Б;

5) КамАЗ 65115 КО-829Б;

6) КамАЗ 65115 КО-829Б;

7) Табанды қар тиегіш СЛП-206;

8) Урал 4320 КО-822;

9) Беларусь - 82 МК жинауыш машинасы;

10) Беларусь - 82 МК жинауыш машинасы;

11) Беларусь - 82 МК жинауыш машинасы;

12) Беларусь - 82 МК жинауыш машинасы;

13) Беларусь - 82 МК жинауыш машинасы;

14) Беларусь - 82 МК жинауыш машинасы;

Сонымен қатар, мердігер ұйым әр түрлі мақсаттағы 12 арнайы техниканы жалға алуға келісім-шарт жасасты. Арнайы техниканың тізбесі:

  • Фронтальный погрузчик LW300FN;
  • Колесный погрузчик ZL50GN;
  • Фронтальный погрузчик 45412
  • Фронтальный погрузчик LW300FN
  • Самосвал КамАЗ 55111;
  • Самосвал КамАЗ 65115;
  • Самосвал КамАЗ 65115;
  • Самосвал КамАЗ 65115;
  • Самосвал КамАЗ 65115
  • Самосвал КамАЗ 65115
  • Автогрейдер XCMG GR 215;
  • Автогрейдер ДЗ -98;

Инертті материалдарды себу мақсатында 150 тонна тұз мен 900 тонна құм сатып алынды. Құм мен тұз қазіргі таңда мердігердің меншігіне жеткізілді және территориясында орналасқан.

Бұдан басқа, автомобиль жолдарын күтіп-ұстау учаскесінде күзгі-қысқы кезеңде 58 адам жұмылдырылады.