«Жезқазған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің атқарылған жұмыстар туралы есебі

«Жезқазған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің атқарылған жұмыстар туралы есебі

2025 жылы Жезқазған қаласы әкімдігі тарапынан қала аумағындағы 12 көшеде автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жөндеу жұмыстары төмендегі учаскелерде атқарылды:

  • Алашахан даңғылы (Бейбітшілік даңғылынан Байқоңыров көшесіне дейін);
  • Мира даңғылы (Ғарышкерлер бақ жолынан Деев көшесіне дейін);
  • Момышұлы көшесі (Сейфуллин көшесінен Бейбітшілік даңғылына дейін);
  • Сәтпаев көшесі (Абай көшесінен айналма жолға дейін);
  • Сарыарқа көшесі (айналма жолдан А-16 автожолына дейін);
  • Ұлытау көшесі (Сәтпаев көшесінен Абай көшесіне дейін);
  • Абай көшесі (Сарыарқа көшесінен айналма жолға дейін);
  • Желтоқсан көшесі (Абай көшесінен ЖЭО маңындағы бағдаршамға дейін);
  • Садовое кольцо көшесі (Желтоқсан көшесінен Холмецкий көшесіне дейін);
  • Шевченко көшесі (Аманжолов көшесінен Ғарышкерлер бақ жолына дейін);
  • Қабанбай батыр шағын ауданындағы орталық көше;
  • Құрылысшылар тұйығы.

Сонымен қатар, 2025 жылы 2024 жылдан өтпелі болып қалған 6 келісімшарт аясында орамішілік автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары орындалды. Аталған жұмыстар 7, 29, 32, 67, 68, 69, 70, 74 және 76 кварталдарда, сондай-ақ 3-ші шағын ауданда жүргізілді.