
📍 Назарбаева 2G мекенжайында ғимарат тұрғындарының жиналысы басталды.
👥 Жиын барысында басқару органын ауыстыру мәселесі талқыланды. Қазіргі уақытта ғимаратқа «Жаңа шаңырақ» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кооперативі қызмет көрсетеді, бірақ тұрғындар көрсетілетін қызметтердің сапасына наразылықтарын білдірді.
⚖️ «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабына сәйкес, бөлім мамандары басқару органын ауыстыру тәртібін түсіндірді.
📑 Тұрғындарға жиналыс кезеңдері, дауыс беру рәсімі және заңды шешім қабылдаудың келесі қадамдары туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.