
📌 Ақбидай көшесі, 11А мекенжайы бойынша «Көкшетау Жылу» ШЖҚ КММ қызметкерлерімен және «ҮК Керемет» басқарушы компаниясының өкілімен бірлесіп пәтерге тексеру жүргізілді.
✅ Тексеру барысында пәтерлерде заңсыз өзгерістер мен қайта жоспарлау фактілері анықталған жоқ, температуралық режим белгіленген нормаларға сәйкес келеді.
💧 Сонымен қатар, жылу торабында тексеру жүргізілді. «КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ» ШЖҚ КММ қызметкерлерінің мәліметінше, жергілікті патрубканы блиндау (саңылауын шектеу) қажет болуы мүмкін, себебі желілік (жылу) судың шығыны норматив бойынша 8,3 м³/сағ болғанымен, нақты көрсеткіш 7,2 м³/сағ құрап отыр. Бұл температураға қатысты мәселені кейіннен реттеу және жою мақсатында қажет.