Сарыарқа шағынауданы, 9/13 мекенжайында орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу

Сарыарқа шағынауданы, 9/13 мекенжайында орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу

Сарыарқа шағынауданы, 9/13 мекенжайы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорына түгендеу жүргізілді.
Іс-шараға бөлім қызметкерлері қатысты. Түгендеу барысында тұрғын үй-жайлар тексеріліп, жалға алушылар туралы мәліметтер жаңартылды, сондай-ақ жалдау шарттарының талаптарының сақталуы жөніндегі ақпарат нақтыланды.

Түсіндіру жұмыстары аясында бөлім басшысы мемлекеттік тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысын уақтылы төлеу қажеттігін еске салды. Сонымен қатар, жалдау ақысын алты айдан астам уақыт төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында көзделген шаралар қолданылатыны, соның ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен жалдау шартын бұзуға дейінгі шаралар қарастырылатыны ерекше атап өтілді.