
Бүгін бөлім басшысы тұрғындарды кезекті жеке қабылдауды өткізді 🏙️
Кездесу барысында бірнеше өзекті мәселелер бойынша өтініштер түсті:
🏘️ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру
📄 жалдамалы тұрғын үйді рәсімдеу тәртібі
📑 тұрғын үй бағдарламаларына қатысу шарттары
Әрбір мәселе бойынша толық түсіндірме беріліп, тиісті ұсыныстар ұсынылды ✔️
Қабылдау «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттары аясында, ашық диалог форматында өтті 🤝
📌 Азаматтарды жеке қабылдау тұрақты түрде жүргізіледі.
Тұрғындар өз сұрақтары бойынша белгіленген уақытта жүгініп, кеңес ала алады.