📢 «Газ баллоны» акциясы аясында

📢 «Газ баллоны» акциясы аясында

 

Көкшетау қаласының Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе отырып, тұрғындар арасында газды қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 7-тармағына сәйкес, екі қабаттан жоғары көпқабатты тұрғын үйлерде тұрмыстық сұйытылған газ баллондарының сақталуына және қолданылуына қатаң тыйым салынады.

⚠️ Бұл талаптарды бұзу өрт, жарылыс және өзге де төтенше жағдайлардың туындау қаупін арттырады.
⚠️ Мамандар тұрғындарға газ жабдығын уақытылы тексеріп отырудың, шлангтар мен вентильдердің жарамдылығын қадағалаудың, сондай-ақ газдың иісі сезілген жағдайда дереу хабарлау қажеттігін түсіндірді.

Барлық тұрғындарды заң талаптарын қатаң сақтауға және газды тұрмыста қолданғанда аса сақ болуға шақырамыз.
Отбасыңыздың қауіпсіздігі — өз қолыңызда.