📢 Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары!
"Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ 2025 жылғы 15 қыркүйектен кейін күшіне енетін «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген маңызды өзгерістер туралы хабарлайды.
🏘️ Негізгі өзгерістер:
✅ МИБ төрағасы жалпы жиналыста 3 жыл мерзімге сайланып, міндетті түрде үй кеңесінің құрамына кіреді.
✅ Кеңес құрамына және төраға лауазымына сайлана алады:
▪️ Пәтер немесе тұрғын емес үй-жай иелері;
▪️ Бірге тұратын меншік иесінің отбасы мүшелері (жұбайы, балалары, ата-анасы).
✅ МИБ төрағасы тұрғындардың мүддесін сенімхатсыз барлық соттарда, мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда ұсынуға құқылы.
🔁 Егер төрағаның уақытша еңбекке жарамсыздығы 15 күнтізбелік күннен асса, үй кеңесі уақытша төраға тағайындауға құқылы, бірақ 6 айдан аспау керек.
👷♂️ Сондай-ақ, төраға көппәтерлі тұрғын үйге басқарушыны тұрғындар жиналысының немесе (егер мұндай өкілеттіктер берілген болса) үй кеңесінің шешімі бойынша еңбек шарты негізінде жалдай алады.
📋 Басқарушының талаптары:
▪️ ҚР азаматы болуы тиіс
▪️ Кәсіби біліктілігін растайтын құжаты болуы керек
▪️ Тұрғын үй инспекциясы арқылы тізілімге тіркелуі қажет
⚙️ Осылайша:
✔️ МИБ төрағасы — тұрғындардың мүддесін қорғайды, мемлекеттік органдармен өзара әрекет етеді
✔️ Басқарушы — үйдің ағымдағы басқару және қызмет көрсету жұмыстарын атқарады
📞 Сұрақтар бойынша "Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-не жүгінуге болады.
87783823542