Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

2025 жылғы 7 тамызда Көкшетау қаласының «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Қуаныш Серікұлы азаматтарды бірыңғай қабылдауды өткізді.

🔹 Қабылдау барысында келесі мәселелер бойынша өтініштер қаралды:

🏠 мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру;

🛠 басқарушы компаниялардың жұмысы және көппәтерлі тұрғын үйлердің күтімі.

👥 Әрбір өтініш бойынша тұрғындарға тиісті түсіндірмелер берілді. Бірқатар мәселелер бойынша Қуаныш Серікұлы нақты ұсынымдар беріп, оларды шешу жолдарын көрсетті.

📌 Бөлім тұрғын үй жағдайын жақсарту және қала тұрғындарымен ашық диалог орнату бағытында жұмысын жалғастыруда.