«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өтті
👤 Қабылдауды Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Жүсіпов Бейбіт Айтымұлы жүргізді.
🏢 Аталған қабылдауға «Көкшетау қаласы тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы» ММ бөлімінің басшысы Ғазизов Қуаныш Серікұлы қатысты.
💬 Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан көтерілген түрлі әлеуметтік және тұрмыстық мәселелер қарастырылып, тиісті түсініктемелер берілді. Бірқатар өтініштер бақылауға алынды.
🤝 Ашық диалог форматында өткен бұл қабылдау — халықпен байланыс орнатудың, өзекті мәселелерді дер кезінде шешудің маңызды тетігі.