Көкшетау қаласының көппәтерлі тұрғын үйлерінің тұрғындарын және басқарушы ұйымдарын «Taza Qazaqstan» бағдарламасы аясында өтетін «Үздік абаттандырылған және көгалдандырылған аула» қалалық байқауына қатысуға шақырамыз!
🏡 Аулаңыздағы тазалықты, жайлылықты және көгалдандыруды қалай қамтамасыз етіп жүргеніңізді көрсетіп, бағалы жүлделер ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
🔍 Бағалау критерийлері:
✔️ Ауланың және ойын алаңдарының санитарлық жағдайы
✔️ Клумбалар, ағаштар, бұталар секілді көгалдандыру элементтерінің болуы
✔️ Аумақтың тазалығы мен абаттандырылуы
✔️ Ғимарат қасбеттерінің және жарықтандырудың жай-күйі
✔️ Мүгедектігі бар жандар үшін қолжетімді орта
✔️ Тұрғындардың өз қолымен жасаған креативті элементтер (қосымша ұпайлар беріледі!)
📅 Өтінім қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 26–30 мамыр аралығы
📧 Өтінімдер төмендегі электрондық пошта арқылы қабылданады: gu_ozho_zhi@akmo.gov.kz
(Ауланың кемінде 5 фото және/немесе бейнематериалын қоса тіркеуді ұмытпаңыз)
🗓 Байқау өткізу мерзімі:
2025 жылғы 2 маусым – 1 шілде аралығы
🏆 Жүлде қоры:
🥇 1 орын — абаттандыруға 20 млн тг дейінгі сертификат
🥈 2 орын — 10 млн тг дейін
🥉 3 орын — 5 млн тг дейін
🎉 Жеңімпаздар салтанатты іс-шарада марапатталады!
💚 Қаламызды бірге көркейтіп, жайлы етейік — байқауға қатысыңыздар!