
2025 жылғы 19 мамырда Көкпекті аудандық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы өткізілді, сессияға 10 депутаттан 8 депутат қатысты, соның ішінде екеуі Zoom қосымшасы арқылы қатысты.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес бүгінгі сессия жұмысына аудан әкімінің міндетін атқарушы Ляззат Бауыржанқызы Арашева, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Сессияда төмендегідей сұрақтар қарастырылды:
1) Жер комиссиясы туралы;
2) Көкпекті аудандық мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
3) Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1-4 «Сегізінші шақырылған Көкпекті аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4) Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1-5 «Сегізінші шақырылған Көкпекті аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын төрағаларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия соңында аудандық мәслихат төрағасы Т.М. Сарманов, «Amanat» партиясы Көкпекті аудандық филиалының атқарушы хатшысы Р.А. Кемербаева депутат Р.А.Қажиақберовке бірлескен жемісті жұмысы үшін алғыстарын айтып, жаңа лауазымға табыс тіледі.
Р.А. Қажиақберов өз кезегінде мәслихат аппаратына, әріптестеріне бірлескен жұмысы үшін алғысын білдірді.