Көкпекті аудандық мәслихатының шығып қалғандардың орнына учаскелік және округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10, 19-бабтарына сәйкес (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) Көкпекті аудандық мәслихаты учаскелік және округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына жаңа мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.
Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз нысанында ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.
Ұсыныстарды қабылдау 2024 жылғы 26 тамызды қоса алғанда мерзімге дейін дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09:00-дан бастап 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13:00-дан 14:30-ға дейін.
Көкпекті аудандық мәслихаты
Сарманов Талгат Манафович – Көкпекті аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Абай облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі 44 А.
Жауапты тұлға – Назикеева Венера Болатовна, Көкпекті аудандық әкімдігінің ғимараты, 2 қабат, қалааралық телефон коды (8-72348), тел. 2-13-03. Факс 2-12-02, электрондық пошта мекенжайы: v.nazikeeva@akimatabai.gov.kz
Көкпекті аудандық мәслихаты учаскелік және округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:
р/с № |
Сайлау учаске сінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының тұрған орны
|
Сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына сайланатын мүшелерінің саны |
||
№ 378 учаскелік сайлау комиссиясы
|
|||||
1 |
|
|
Көкпекті ауылы |
К. Бакина көшесі, 27 |
1 |
№ 382 учаскелік сайлау комиссиясы
|
|||||
|
|
|
Үлкенбөкен ауылы |
Болганбаев көшесі, 3 |
1 |
№ 397 учаскелік сайлау комиссиясы
|
|||||
|
|
|
Қарағандыкөл ауылы |
Н/ж көше |
1 |
№ 1 округтік сайлау комиссиясы
|
|||||
|
|
|
Көкпекті ауылы |
Абылай Хан көшесі, 46 |
1 |
№ 2 округтік сайлау комиссиясы
|
|||||
|
|
|
Көкпекті ауылы |
Құдайберген Нұрғалиев, көшесі 14 |
1 |
№ 4 округтік сайлау комиссиясы
|
|||||
|
|
|
Көкпекті ауылы |
К. Бакина көшесі, 27 |
1 |