«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Абай облысының Көкпекті аудандық мәслихаты аудандық. мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды
Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын комиссиядан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 17 маусымнан 1 шілде қоса алғанда мерзімге дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында қарастырылған сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның еңбеккерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары (қыз асырап алушылары), асырап алған балалары (қыздары), туған және туған емес ағалары мен әпкелері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз нысанда ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 1 шілде қоса алғанда мерзімге дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Көкпекті аудандық мәслихаты
Сарманов Талғат Манафұлы – Көкпекті аудандық мәслихатының .төрағасы
Мәслихаттың орналасқан жері: Көкпекті ауылы, Шериаздан к-сі, 44 «А».
Жауапты адам - Фахрутдинова Нұргүл Базарқызы, қалааралық телефон коды (872348), қызметтік 2-13-03, ұялы 87771872452 телефон, факс 2-12-02 нөмірлері, электрондық почта мекен-жайы n.fakhrutdinova@akimatabai.gov.kz
|
|
|||
|
№ р/б |
сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Учаскелік сайлау комиссиялары - 9 |
|||
|
1. |
381 |
Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің «Шәріптоғай негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шариптоғвй а. |
1 |
|
2. |
384 |
Бұрынғы мектеп Жансары а. |
1 |
|
3. |
393 |
Бұрынғы мектеп Нұра а. |
1 |
|
4. |
397 |
Тұрғын үй Қарағандыкол а. |
1 |
|
5. |
398 |
Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің «А.С.Пушкин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақой а. |
1 |
|
Округтік сайлау комиссиялары-2 |
|||
|
1. |
1 |
Көкпекті орта мектебі Көкпекті а. |
1 |
|
2. |
1 |
Чайжунусов атындағы орта мектеп Көкпекті а. |
1 |
Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихаты