2026 жылғы 8 сәуірде Көкпекті аудандық мәслихатының кезекті қырық екінші сессиясы өтті.

2026 жылғы 8 сәуірде Көкпекті аудандық мәслихатының кезекті қырық екінші сессиясы өтті.

 

         Сессияда келесі мәселелер қаралды:

  1. 2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту.

Қошкарбаев Нұрбек Турсынканұлы– Қөкпекті ауданының әкімі.

  1. 2025 жылға Көкпекті ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы туралы есеп.

Ауылдық округ әкімдері.

  1. 2025 жылғы Көкпекті ауданы бюджетінің орындалуы туралы жергілікті атқарушы органның жылдық есебіне Абай облысы тексеру комиссиясының есебін (қорытындысын) бекіту туралы.

Саденова Гүлжан Сапарбекқызы-Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мұшесі.

  1. Ауданда су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы.

Шингискенов Қайратбек Серіктасұлы- аудан әкімінің орынбасары.

5.Әртүрлі:

1) Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы        № 37-2 «2026-2028 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Сағимбаева Айнұр Серыкқызы- аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының м.а.         

2) Көкпекті ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;

         3) Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29-6 «Көкпекті ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

         4) Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы        № 10-13/1 «Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.       

Күн тәртібіндегі  мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.