2026 жылғы 18 наурызда аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутат өкілеттігі, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Тұрақты комиссия өз жұмысында келесі мәселе қарастырды:
1. Көкпекті ауданының Мансап орталығының жұмысы туралы.
Комиссия отырысына Көкпекті ауданы Мансап орталығы директорының М.Н.Смагулов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.С.Сұлейменов қатысты.
Комиссия отырысында қаулы қабылданып, аудан тұрғындарының жұмыспен қамтылуын, кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық белсенділігін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру, «Өңірлік жұмыспен қамту картасын» жүзеге асыру және жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдау ұсынды. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру, электрондық еңбек шарттарын тіркеу және міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды жандандыру, инфрақұрылымдық жобаларға, субсидияланатын жұмыс орындарына және кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері туралы тұрғындарды уақтылы хабардар етуді қамтамасыз ету туралы ұсынымдар берілді.