
Бастама Ұлттық құрылтай отырысында айтылды.
V ұлттық құрылтай қоғам мен мемлекет арасындағы сындарлы диалог алаңы ретіндегі рөлін тағы да растады.
V ұлттық құрылтайда ұсынылған бастамалар мемлекеттік даму мәселелеріне салмақты және жауапты көзқарасты көрсетеді.
Көкпекті аудандық мәслихат депутаттары Мемлекет басшысы ұсынған бастамаларды қолдайды және өз кезегінде өкілді орган ретінде өз қызметін одан әрі жетілдіретін, атқарушы органдармен өзара іс-қимылды нығайтатын және аудан игілігі үшін жемісті еңбек ететін болады.