Халықты әлеуметтік қорғау,денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутат өкілеттігі, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы туралы

Халықты әлеуметтік қорғау,денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутат өкілеттігі, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы туралы

2025 жылғы 25 қарашада аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутат өкілеттігі, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Тұрақты комиссия өз жұмысында келесі мәселелерді қарастырды:

  1. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутат өкілеттігі, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссиясының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 2 «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ауданның дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі жұмысы, аудан халқының спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым құру туралы есебі» қаулысын орындау туралы.

Комиссия отырысына мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының м. а. Қажыгелді Қ. Х. шақырылды.

Комиссия отырысында Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының нысаналы индикаторларын іске асыру және оларға қол жеткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдау туралы ұсынымдар берілді.

Қаралған мәселе бойынша комиссияның қаулы қабылданды.