2025 жылғы 29 қыркүйекте аудандық мәслихаттың экономикалық реформалар, бюджет, кәсіпкерлік қызмет, АӨК, экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және ТҮКШ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Тұрақты комиссия өз жұмысында келесі мәселе қарастырды:
Көкпекті ауданының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалу барысы туралы.
Комиссия отырысына Көкпекті ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысы Макенов А.К. шақырылды.
Комиссия отырысында қаулы қабылданып, 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының іс-шараларына қол жеткізуді қамтамасыз ету және Көкпекті ауданының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспары аясында белгіленген жобаларды іске асыру туралы ұсынымдар берілді.