2025 жылғы 29 қыркүйекте аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутат өкілеттігі, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Тұрақты комиссия өз жұмысында келесі мәселелер қарастырды:
Комиссия отырысына Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы А.К. Рахимбаев және сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Д. Кабдилов қатысты.
Комиссия отырысында қаулылар қабылданып, ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру, Жастар ресурстық орталығының қызметін ұйымдастырудағы жұмысты жандандыру ұсынылды. Сондай-ақ ауданның елді мекендерінің санитарлық жағдайын жақсарту үшін сенбіліктер өткізу жөніндегі жұмысты жалғастыру және экологиялық мәдениет пен сана деңгейін арттыру үшін өз аумақтарын жинау, қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру мәселелері бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы ұсынымдар берілді.