Көкпекті аудандық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс отызыншы сессиясы

Көкпекті аудандық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс отызыншы сессиясы

2025 жылғы 13 тамызда Көкпекті аудандық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс отызыншы сессиясы өткізілді, сессияға 9 депутаттан 6 депутат қатысты.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес бүгінгі сессия жұмысына аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Сессияда төмендегідей сұрақтар қарастырылды:

  1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 23-2 «2025-2027 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Мәкенов Азамат Кәрімұлы–экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

         2.Әртүрлі:

         1) Елді мекендердің құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныстар енгізу туралы;

         2) Көкпекті ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі

2025-2029 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы;

         3) Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын

реттеу бойынша аудандық үшжақты комиссияның құрамын бекіту туралы;

         4) Көкпекті аудандық жастар ісі жөніндегі Кеңестің құрамын бекіту туралы;

         5) Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;

         6) Мемлекеттік рәміздер бойынша аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы;

         7) Көкпекті аудандық мәслихатының «Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын мүшелерін сайлау туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10-13/1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.