2025 жылғы 26 маусымда Көкпекті аудандық мәслихатының кезекті жиырма тоғызыншы сессиясы өтті, оған аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы қатысты.
Аудан әкімі А.Н. Қожанбаев «Көкпекті ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы» баяндама жасап, жергілікті атқарушы органдардың қызметі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қол жеткізілген көрсеткіштері мен 2025 жылға қойылған міндеттерді атап өтті.
Депутаттар аудан әкімінің жұмысын оң бағалады, есеп сессия шешімімен бірауыздан бекітілді.
«Көкпекті ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» мәселе бойынша Көкпекті ауданының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қайрат Жайықұлы Төлегенов сөз сөйледі. Баяндамада құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.
Сондай-ақ, мәселелер қаралды:
Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутат өкілеттігі, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.
Тұрлыбекова Гүлмира Ақылбекқызы- тұрақты комиссияның төрайымы.
Әртүрлі:
1) Көкпекті ауданы әкімдігінің жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынылатын тұлғалардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы;
2) Көкпекті ауданы әкімдігінің жанындағы «Көкпекті ауданының Құрметті азаматы» атағына ұсыну мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.