2025 жылғы 16 маусымда аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутат өкілеттігі, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Тұрақты комиссия өз жұмысында келесі мәселелер қарастырды:
Комиссия отырысына Көкпекті ауданының білім бөлімі басшысының м.а. Қажиақберов Ринат Араратұлы және аудан әкімі аппаратының басшысы Дюсембаев Дархан Бердібекұлы шақырылды.
Комиссия отырысында қаулылар қабылданып құқықтық мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруді арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды тұрақты жүргізу туралы, сондай-ақ балаларды жазғы демалыспен барынша қамтуды қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдердің толыққанды демалуына жағдай жасау, олардың танымдық, шығармашылық белсенділігін арттыру және денсаулығын нығайту жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынымдар берілді.