🔔 1-сыныпқа қабылдау мерзімі 27 мамырға ауыстырылды

🔔 1-сыныпқа қабылдау мерзімі 27 мамырға ауыстырылды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзіміне өзгерістер енгізілді.

Енді 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Аталған өзгеріс бастауыш білім беру ұйымдарына қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жаңарту аясында енгізілді.