Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Қырғызстанның құзырлы органдарымен бірлесе халықаралық есірткі арналарын жою бойынша екі арнайы операция жүргізді.
Аталған елдердің аумағында бірлескен іс-қимыл нәтижесінде есірткіні көтерме саудамен өткізген қылмыстық топтың 4 мүшесі ұсталды.
Заңсыз айналымнан 20 кг синтетикалық есірткі тәркіленді.
Есірткі саудасының халықаралық арналарын бейтараптандыру бойыншаіс-шаралар жалғасуда.
ҰҚК баспасөз қызметі