Жалған ақпараттың таралуы туралы

Жалған ақпараттың таралуы туралы

Әлеуметтік желілерде патриоттыққа қарсы риториканы тарататын, «Бессмертный полк» акциясына бойкот жариялауға шақыратын немесе қоғамды жікке бөлуге бағытталған өзге де әрекеттерді жасайтын тұлғалар туралы ақпарат жинау үшін Telegram боты құрылғаны туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесі» деген ақпарат тарап жатыр.

Аталған «мәлімдеме» — жалған, ондағы мәліметтер шындыққа жанаспайды.

ҰҚК-нің ресми ақпараттары тек «knb.gov.kz» сайты, «knbgov_kz» Telegram-арнасы және «knbgovkz» Instagram-парақшасы арқылы жарияланады.

Тек ресми дереккөздерге сеніп, жалған ақпарат таратпауға шақырамыз.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі