Есірткі зертханасын жою туралы

Есірткі зертханасын жою туралы

Ағымдағы жылғы 6 ақпанында ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды.

Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тінту барысында 7 килограммнан аса «альфа-PVP» есірткі құралы, 500 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі