Сот үкімдері туралы

Сот үкімдері туралы

Бұрын ҰҚК-мен терроризмді насихаттағаны және басқа да қылмыстары үшін қамауға алынған екі ҚР азаматына қатысты сот процестері аяқталды.

Солардың бірі – Тараз тұрғыны, айналасындағыларды шетелдегі лаңкестер қатарында соғыс әрекеттеріне қатысуға шақырып, сонымен қатар өзі де оларға қосылуды жоспарлаған.

Тараз қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны К-нің 256-бабы), діни араздықты қоздырғаны үшін К-нің 174-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тағы бір – Алматы тұрғыны, жалпы қылмыстар үшін бірнеше рет соттылы болған, ғаламтор желісінде радикалды идеологияны насихаттаған.

Алматы қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны К-нің 256-бабы), есірткіні заңсыз пайдаланғаны үшін К-нің 296-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды.

Жалпы, 2024 жыл басынан террористік және экстремистік әрекеттері үшін 84 адам сотталған.

 

ҰҚК баспасөз қызметі