А.ж. 15 желтоқсанда ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті.
Психотроптық заттарды дайындау кезінде қазақстанның екі азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Тінту барысында 2 кг-ға жуық дайын «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК баспасөз қызметі