Қазіргі замандық қорғаушылар мектебі. Жарты ғасырлық тарих.

Қазіргі замандық қорғаушылар мектебі. Жарты ғасырлық тарих.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы биыл 50 жылдық мерейтойын атап өтуде.

 

 

Бұл іс-шараға еліміздің арнайы қызмет кадрларын дайындайтын ұстахананың тарихы мен қалыптасуы туралы деректі фильм дайындалды.

ҰҚК Академиясы барлау, қарсы барлау, сондай-ақ талдау және техникалық бөлімшелер үшін мамандар даярлайтын бірегей оқу орны.

Ел тәуелсіздік алғаннан бері мыңдаған офицерлер оқу орнын бітіріп, осы күнге дейін қызметтерін жалғастыруда.

Академияның рөлі мен міндеттері туралы толығырақ біздің фильмнен көріңіздер.

ҰҚК баспасөз қызметі