Терроризмді насихаттауда күдікті адамдарды ұстау туралы

Терроризмді насихаттауда күдікті адамдарды ұстау туралы

2024 жылғы 28 мамырда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады.

Тергеу мәліметі бойынша олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған.  

 

 

Қазақстанға ағымдағы жылы келген, тұрақты жұмыстары болмаған.  

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі