Есірткі зертханасын жою туралы

Есірткі зертханасын жою туралы

А.ж. 12 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетінің ұйымдастыруда күдікті ретінде Қазақстан азаматын ұстанды.

Тінту барысында 25 кг-ға жуық синтетикалық есірткі, 1 тонна прекурсор, зерхана құрылғылары, сондай-ақ шетелдік валютадағы ірі көлемде ақшалай қаражат алынды.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

 

ҰҚК баспасөз қызметі