2024 жылғы 3 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның жәрдемдесуімен Қарағанды облысының тұрғынын ұстады.
Ол жұмыс орны бойынша және әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттауға күдіктелуде.
Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекс 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекс 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК баспасөз қызметі