2023 жылы есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы

2023 жылы есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы

2023 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау бойынша 150-ден астам операция өткізді.

Қорытындысы бойынша 34 халықаралық және 32 өңірлік есірткі жеткізу арналары жойылды, 36 жасырын есірткі зертханасының қызметі бейтараптандырылды.

Заңсыз айналымнан 3,6 тоннадан аса есірткі және психотроптық заттар, 21,5 тоннадан астам көкнәр сабанының шикізаты және 75 тоннаға жуық синтетикалық есірткіні жасау үшін пайдаланылатын химиялық реагенттер алынды.

Алынған есірткінің «қара нарықтағы» бағасы 20 млрд теңгеден астам болып бағаланады, ал көлемі шамамен 17 млн бір реттік дозаны құрайды.

Осындай қылмыстарды жасады деген күдікпен 101 адам сотталып, 169 республиканың азаматтары мен шетелдіктерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазақстан арқылы есірткіні әкелу және тасымалдаудың жолын кесу бойынша шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарымен бірлескен 32 операция жүзеге асырылды.

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.

 

ҰҚК баспасөз қызметі