Қырғыз-қазақ шекарасында қырғыз жағынан «Ақ-тілек» (Қырғыз Республикасы) – «Қарасу» (Қазақстан Республикасы) өткізу пунктінде жүк көлік құралдарының кептелісі белгіленгенін Шекара қызметі хабарлайды.
Жеміс көкөніс өнімдерін және жалпы Қазақстан арқылы жүктерді транзиттік өткізуімен байланысты маусымды кіретін жүк ағымының артуы негізгі себеп болып табылуда.
«Қарасу» өткізу пунктінің кіруге өткізім мүмкіндігі тәуілігіне 300 көлік құралдарын құрайды (а.ж. 19 қарашада 283 автомашина өткізілген).
Қалыптасқан жағдайдың есебінен, Қырғыз Республикасының МҰҚК Шекара қызметімен тығыз өзара әрекеттестік ұйымдастырылды.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі