2023 жылғы 1 қарашада ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ-да филиалында заңсыз әрекеттің жолын кесу бойынша тергеу-жедел іс-шаралар кешенін жүргізді.
Тергеу нұсқасы бойынша, қаскүнемдер жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке иелік ету тарихын өзгерту арқылы «жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесінде заңсыз модификациялау бойынша жұмыстар жүргізген.
Қылмыстық кодекстің 206-бабының 2-бөлігі (ақпаратты сыйымсыз жою немесе түрлендіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК баспасөз қызметі