Радикалды ұстау туралы

Радикалды ұстау туралы

2023 жылғы 31 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен әрекеттесе Алматы облысының тұрғынын ұстады.

Ол терроризм идеяларын насихаттады деп күдіктелуде.

Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

 

ҰҚК баспасөз қызметі