Терроризмге қарсы оқу-жаттығулар туралы

Терроризмге қарсы оқу-жаттығулар туралы

2023 жылғы 18-19 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы мақсаттағы «А» қызметімен Астана қаласының өндірістік аймағында «Күз-2023» тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Кепілге алынған кісілерді босату мен террористерді жою бойынша кешенді жаттығу әрекеттерін орындау жоспарланған.

Сондай-ақ, оқу-жаттығу шеңберінде өзге аумақтардын терроризмге қарсы операциясының шартты ауданына ҰҚК арнайы мақсаттағы бөлімшелерін жөнелту бойынша шаралар қарастырылған.

 

ҰҚК баспасөз қызметі