Есірткі зертханаларын жою туралы

Есірткі зертханаларын жою туралы

Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісін жою бойынша операцияларды өткізді.

Психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен үш азамат ұсталды.

Тінту кезінде 21 кг «мефедрон» және «альфа-РVР», прекурсорлардың ірі партиясы мен зертханалық жабдықтар анықталды.

Тәркіленген есірткі заттардың құны «қара» нарықта 420 млн теңгеге бағаланады, ал көлемі 85 000 рет қабылданатын мөлшерлемелерді құрайды.

Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Соттың санкциясымен ұсталғандарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Ағымдағы жылғы 9 айда ҰҚК 30 халықаралық және аумақтық есірткі арналарының, сондай-ақ 29 есірткі өндіретін зертханалар іс-әрекетінің жолын кесті.

Жалпы алғанда заңсыз айналымнан шамамен 1 тоннаға жуық синтетикалық есірткі және 76 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді.

 

ҰҚК баспасөз қызметі