ҰҚК баспасөз қызметінің жұмысын бағалау туралы

ҰҚК баспасөз қызметінің жұмысын бағалау туралы

Журналистердің тәуелсіз дауыс беру нәтижесі бойынша ҰҚК баспасөз қызметі мемлекеттік органдар арасында үздік үштікке енді.

Нәтижелер 2023 жылғы 20-22 қыркүйекте ел астанасында жыл сайын өткізілетін «Astana Media Week 2023» форумы барысында жарияланды.

Осы іс-шарада ҰҚК баспасөз қызметі басшысының орынбасары М.Б. Айнабековаға «Ақпарат саласының үздігі» наградасы табысталды.

ҰҚК баспасөз қызметі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді жариялау бойынша жұмысты бағалағаны және жемісті ынтымақтастығы үшін журналистік қоғамдастыққа алғысын білдіреді.

ҰҚК қызметі қоғаммен байланыс орнату үшін келесі ақпараттық ресурстардың жұмыс істейтінін атап өтеміз:

  • ведомстволық сайт - knb.gov.kz;
  • Instagram (knbgovkz, shekaraknbkz), Facebook (knbgovkz), Twitter (knbgovkz), Telegram (t.me/knbgov_kz), YouTube (knbgovkz, shekaraknb_kz), Tik-Tok (knbgovkz_official) әлеуметтік желілердегі аккаунттар.

Біз өз қызметімізде жұртшылыққа арналған ашықтық пен ҰҚК жұмысының ерекшелігіне байланысты қойылған шектеулер арасындағы балансты ұстануға тырысамыз.

ҰҚК баспасөз қызметі