Сот үкімі туралы

Сот үкімі туралы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

Қостанай облысының Б.Майлин атындағы аудандық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып,     7 жылға бас бостандығынан айыруға жазалады.

Сотталған діни-экстремистік сипаттағы бейне роликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын интернеттің әлеуметтік желілерінде жариялаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді.

2023 жылғы 20 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.

 

ҰҚК баспасөз қызметі