Мұнай өнімдері контрабандасының жолын кесу туралы

Мұнай өнімдері контрабандасының жолын кесу туралы

2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы қызметімен сондай-ақ Түркістан облысының прокуратурасымен өзара әрекеттесе отырып, қазақстандық мұнай өнімдерін заңсыз шетелге, оның ішінде теңіз арқылы шығару арнасының жолын кесті.

Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

ҰҚК баспасөз қызметі